2015 жылдың ақпанында Қытай Халық Республикасы (ҚХР) Ғылым Академиясының «Геология және геофизика институты» басшылығы ҚХР-ның №305 Мемлекеттік бағдарламасы (Қытай және шектес мемлекеттердің шекаралас территорияларының геологиясы және металлогениясы) бойынша Қ.И. Сатпаев атындағы ГҒИ Геологиялық және кенді формациялар ғылыми тобының жетекшісі Сейтмуратова Элеонора Юсуповнаны лекция оқып беруге шақырған. Бұл шақыру Қытай Халық Республикасы Ғылым Академиясының «Геология және геофизика институтында» маусымның 1-5 аралығында жүзеге асырылған. Сейтмуратова Э.Ю. 2,5 сағатқа созылған «Қазақстанның жанартаулық-плутондық белдеулері геологиясы және металлогениясы» атты кең көлемді үш бөлімнен тұратын (І бөлім – Бозшакөл-Шыңғыз-Тарбағатай аралдоғалы жүйесі жанартаулық белдеуінің геологиясы және металлогениясы; ІІ бөлім – Девон континент шеті жанартаулық-плутондық белдеуі (ЖПБ) геологиясы және металлогениясы; ІІІ бөлім – Жоғарғы палеозойлық ЖПБ-дердің геологиясы және металлогениясы) баяндама жасады. Семинарға 50 жуық адам қатысқан, олардың ішінде 9 профессор және 40-қа жуық студент. Қытай Халық Республикасы ғылым Академиясы «Геология және геофизика институты» Қ.И. Сатпаев атындағы ГҒИ дирекциясы атына алғыс хат жіберген, онда Элеонора Юсуповна лекциялары мазмұны бойынша бай және жанартаулық-плутондық белдеулер бойынша өте үлкен мәлеметтерді қамтыйды. Хатта, сонымен қоса, баяндалынған мәліметтер қытай геологтары үшін үлкен қызығушылық және мәнді болып келетіні туралы жазылған. Бұл семинар екі Институт геологтары арасындағы кейінгі ынтымақтастық бойынша үлкен ғылыми маңызға ие.
16.06.2015
 
Все вопросы
Бос жұмыс орыны

Бос жұмыс орындары жоқ