Қ. И. Сәтбаев атындағы Геология ғылымдары институты - зерттеу институты. Алғашқы директоры және құрушысы академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаев болып табылады. 1964- жылы ҚазКСР Министрлер Кеңесінің қаулысымен Институтқа академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың есімі берілді. Институт құрамында Қазақстандағы ең үлкен геологиялық музей бар. Қазіргі кезде Қ. И. Сәтбаев атындағы Геология ғылымдары институты Қазақстандағы іргелі геологиялық ғылыми – зерттеу орталығы. Институтта фундаментальды және қолданбалы ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Институт өңірлік геологиялық, стратиграфиялық, минералогиялық, қатты, геохимиялық зерттеулерлін, пайдалы қазбалар кен орындары және мұнай геологиясы саласындағы зерттеулерін жұргізетін жоғары деңгейдегі мамандармен қазіргі заманауи талаптағы зерделеу-зертханалық кешенмен қамтамасыз етілген. |
Жаңалықтар
Бос жұмыс орыны
Бос жұмыс орындары жоқ |