К.И. Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институтының негізгі ғылыми жетістіктері

Аймақтық геология саласында:

  • Қазақстанның тірек стратиграфиялық қималарының атласы. 2010 ж.
  • Палеозойдың жалпы, аймақтық және зоналық бөліністерінің стратиграфиялық типтері мен олардың шекараларының каталогы. 2010 ж.
  • Кіші Қаратау Қыршабақты қимасының сузак жүйесінің кембрийлік деңгейіне «9-шы деңгей Күміс қазық» халықаралық мәртебесінің берілуі. 2010 ж.
  • Қазақстанның палеозойлық қатпарлы жүйелерінің (ҚЖ) 78 құрылымдық-формациялық аймақтары (ҚФА) бойынша металлогенограммалар жасалды: Орал, Зайсан, Көкшетау-Солтүстік-Тянь-Шань, Жоңғар-Балқаш, Шығыс-Тарбағатай.
  • Масштабы 1:1 000 000 болатын үш тілде түсіндірме жазбасы бар Қазақстанның тектоникалық картасы жасалды.
  • Масштабы 1:1 000 000 болатын түсіндірме жазбасы бар Қазақстанның альпілік тектоника картасы жасалды және ҚР ИИДМ Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті тарапынан енгізілді. 2012 ж.

Қазақстанның минерагендік картасы (палеозой) 2009 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығымен марапатталды.

Қазақстанның мезозой-кайнозой жабынының минерагендік картасы 1:1000000 масштабында (үш тілде) құрастырылды.

Металлогения және кен түзілу саласында:

  • Қазақстанның минерагендік картасы 1:1000000 масштабында (үш тілде) жасалып, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетіне енгізілді, 2009 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығымен марапатталды.
  • Мезозой-кайнозой жамылғысының Қазақстан минерагендік картасы 1:1000000 масштабында (үш тілде) жасалып, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетіне енгізілді.

Мұнай-газ кен орындары геологиясы саласында:

  • Каспий маңы, Үстірт, Маңғышлақ және Торғай шөгінді бассейндері шегінде мұнай-газ жиналу аймақтары бойынша көмірсутек ресурстарының болжамды бағасы жасалды.
  • Каспий ойпатында бірінші кезектегі нысандар анықталды:
  • Каспий теңізі акваториясында: Теңіз-Қашаған, Прорва (Жамбай-Забурун және Мартыш мұнай-газды аудандар шегінде);
  • Құрлық аумағында: Сағыз, Оңтүстік Ембі, Шұбарқұдық-Ақжар және Мартыш нысандары.

Минералогия және геохимия саласында:

Соңғы 25 жылда К.И. Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институтының минералогия секторында Халықаралық минералогия ассоциациясының жаңа минералдар, жіктеу және номенклатура бойынша комиссиясы бекіткен 15 жаңа минералды түрі ашылып, зерттеліп, сипатталды.
Соңғы жылдары институтта Халықаралық минералогия ассоциациясының жаңа минералдар, номенклатура және жіктеу комиссиясы бекіткен жаңа минералды түрлері ашылды:
  • Камараит Ba3NaTi4(Fe2+,Mn)8(Si2O7)4O4(OH,F)7
  • Флюоролейкит NaNa2(Mg2Fe3+2Li)Si8O22F2
  • Натротитанит (Na,Ca,Y)TiSiO4(O,F,OH)
  • Тарбагатаит (K)CaFe2+7Ti2(Si4O12)2O2(OH)5

Біздің байланыс деректеріміз:

Приемный телефон: +7 727 291 56 08
Ученый секретарь: +7 727 291 43 71
Факс: +7 727 291 56 79
Почта: ignkis@mail.ru
050010, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы,
Қабанбай батыр көшесі, Валиханова көшесімен қиылысы, 69/94
Made on
Tilda